Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Үш адам қаза тапқан
Жетісу облысында ауа райы қолайсыздығынан бірнеше жол апаты орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы-Өскемен автожолының 359 шақырымында Сherry кроссовері Камазбен соқтығысты. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар.
Зарлап шеккен екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
Сондай-ақ, полиция облыс аумағында тағы екі жол апаты болғанын хабарлады. Олар Ақсу ауданындағы Сағабуен ауылының маңында тіркелген. Елді мекеннен шыққан кезде 29 жастағы Mitsubishi Lancer жүргізушісі көлікті басқара алмай, көпірден аударылып кетті. Екі адам зардап шекті.
Талқылау