Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Көліктің нашар техникалық жай-күйі Жетісу облысында адам өліміне әкеліп соқты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 208 шақырымында жол бойындағы металл қоршауына соқтығысқан Toyota Camry автокөлігінің қатысуымен болды. Шетелдік көліктің жүргізушісі 40 жастағы әйел рульді басқара алмай қалған.
Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді