Жетісу облысында теміржол станциясында күкірт қышқылы ағып кеткен
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол станциясында вагон цистернасында диаметрі 25 миллиметр болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы ағып кеткен.
Фото: ТЖМ
Күкірт қышқылы ауылдық жерге төгілді.
"Құтқарушылар ауылдағы 46 үйдің тұрғындарын тез арада эвакуациялады", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді .
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”