Қазақстандық такси жүргізушісі жолаушы әйелмен арадағы әңгімені жазып алып, оны бопсалаған
Фото: Ru.freepik.com
Жетісу облысындағы такси жүргізушісі оңай ақша таппақ болып, жолаушымен арадағы әңгімені жазып алып, оны күйеуіне көрсетемін деп қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агнеттігі хабарлайды.
Биыл қаңтарта ер адам Алматыдан келе жатқан жолаушыларды Қарабұлақ ауылына жеткізбек болған. Жолда ол жолаушы әйелді әңгімеге тартқан. Басқа жолаушылар көліктен түсіп қалған соң олар бір-бірімен жақынырақ танысқан. Арада бірнеше күн өткен соң ер адам әйелдің WhatsApp нөміріне “50 мың теңге жібермесең, бейнетіркегіштегі жазбаны күйеуіне жіберемін” деп жазып жіберген.
Іс насырға шабады деп қорыққан әйел алғашында талап еткен ақшаны жіберген. Бірақ ер адам мұнысын тоқтатпай, тағы ақша сұраған. Жәбірленуші оның бопсалауды тоқтатпайтынын түсініп, полицияға жүгінген. Ер адам ақшаны алып жатқанда ұсталды.
“Сот барысында А өз кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты. Сот бұл жағдайды ескеріп, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған 100 сағат қоғамдық жұмыс істеу міндеттелді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ айыпталушы жәбірленушіге келтірілген моральдық зиян келтіргені үшін 200 000 теңге өтемақы төлеуге міндетті.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
