Жетісу облысында шенеуніктер әріптесін зорламақ болды деген ақпарат тарады
Жетісу облысында жергілікті шенеуніктер әріптесін зорламақ болған деген ақпарат тарады. Алайда полицейлер оларға үйге рұқсатсыз кіріп кеткені үшін ғана іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеді. Журналист пен жергілікті тұрғындардың айтуынша ауылдың екі шенеунігі әріптесін зорламақ болған.
Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын растады. Алайда басқа себеппен екен.
"Полиция тұрғын үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлық жағдайлар белгіленеді. Сонымен қатар, ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз", - деп жауап берді облыстық полиция.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді