Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында сарбаз оққа ұшып, көз жұмды

сарбазФото: istockphoto.com

Бүгін Жетісу облысындағы "Алажиде" әскери полигонында мерзімді қызмет сарбазы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Бүгін, қыркүйектің 23-і күні, жауынгерлік дайындық сабағын өткізу кезінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Жетісу гарнизонындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметкері қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты оқ жарақатын алып, қайтыс болды", – делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Лауазымды тұлғалар тарапынан қандай да бір немқұрайлық немесе бақылаусыздық анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Қарулы күштердің және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 17:57
Талқылау