Жетісу облысында кәсіпкерге қысым көрсеткен әкім орынбасары айыппұл арқалады
Фото: freepik.com
Кәсіпкерге заңсыз қысым көрсеткені үшін аудан әкімінің орынбасарына айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысының прокуратурасы лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісінің жолын кесті. Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Жаркент қаласындағы автовокзалды қала сыртына көшіруді талап етіп, қысым көрсеткен.
Прокуратура шенеуніктің бұл талабының ешқандай құқықтық негізі жоқ екенін анықтады.
СҚО-да әкім көпбалалы анаға әкімдік ғимаратында сауда жасауға рұқсат бергені үшін жазаланды
Әкім орынбасары “кәсіпкерлікке қызметке заңсыз араласу” бабымен кінәлі деп танылып, лауазымды тұлғаға 190 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Еске салсақ, бұған дейін Сәтбаев әкімдігінің қызметкері құмар ойынға 16 миллион теңге бәс тіккені үшін жұмыстан босатылғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген