Жетісу облысында газ құбырларын жөндеуге бюджет есебінен негізсіз 150 млн теңге бөлмек болған
Жетісу облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылына қаз құбырларын тарту барысында қатаң заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыл көшелерінің ұзындығы небәрі 26 шақырым болса, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жобалық-сметалық құжаттамасында 75 километрге бюджет тарапынан артық 150 миллион теңге бөлдіріп алмақшы болған.
"Бұл ретте жұмыс жобасында жұмыс көлемі 26 километр көлемінде бекітілгені көрсетілген, мұны сол орындарға барып дәлелдеген. Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық 49 км-ден астам желіні құрады. Прокуратура актісі бойынша тапсырыс беруші негізсіз енгізілген жұмыстар жойылды және шарт сомасы азайтылды" - деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Жобада қателік жіберген әкімшілік қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”