Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында фельдшер науқасқа атпен барған (видео)

Фельдшер Жетісу облысы Ақсу ауданында жатқан медициналық көмекке мұқтаж адамға жергілікті тұрғынның атымен жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Жаңбыр суы жолды шайып кеткендіктен жедел жәрдем діттеген жерге жете алмай қалды. Науқасқа асыққан дәрігерге ат мінген тұрғын көмекке келді. 

“Фельдшер медициналық жабдықтарын алып, ойланбастан атқа отырып науқасқа мүмкіндігінше тез жетуге асықты. Пациентті тасымалдау үшін басқа да шұғыл қызметтер іске қосылды. Бірігіп күш салғанның және жергілікті тұрғынның жанашырлығының арқасында әйел облыстық ауруханаға сәтті жеткізілді”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясы.



Жедел жәрдем қызметі бұл оқиғаның төтенше жағдайларда өзара көмектің және жедел әрекет етудің маңызды екенін көрсеткенін атап өтті.

Бұған дейін Астанадағы лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың өмірін дәрігер көршісі құтқарып қалғаны туралы жазған едік.

Талқылау