"Көре алмайтын адамдар": Жетісу облысында белгісіз біреу көлікке 16-қабаттан темір орындық лақтырған
Талдықорған қаласында түн ішінде белгісіз біреу 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының бірінен тұрақтағы көлікке орындық лақтырған. Полиция кінәлі азаматты іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Осының, салдарынан автокөліктің артқы терезесі сынып, орындық көлік ішіне кіріп кеткен. Қай қабаттан лақтырғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Осы іске қатысты Жетісу облысы полиция департаменті пікір білдірді.
"Аталған факт Талдықорған қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Қазіргі уақытта материал жинау жүргізілуде",- делінген хабарламада.
Талқылау