Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 298 мың адам газбен қамтылып, жылу желілері жаңғыртылды

Жетісу облысында 2023 жылдың 1 жартысында 22 елді мекенге газ жүргізілді. Сонымен қатар аймақта 5 жылумен жабдықтау нысаны жөнделіпті. Әкімдік мәліметінше 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін ЖЭК нысандарының жалпы қуаты 156 МВт болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тэц сток

Жетісу облысында 192 елді мекен газдандыруға жатады екен. Биыл атқарылған жұмыстардың арқасында 298 мың адам газбен қамтылған. 

"2023 жылы газ тарату желілерін салу бойынша 22 жоба іске асырылуда, бюджеттен 8,8 млрд. теңге бөлінді (РБ-5,4 млрд. тг, МБ-3,4 млрд.тг, игерілді – 3,6 млрд.тг), 1061 км-дің 651 км газ тарату желілері салынды. Жыл аяғына дейін 20 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. 2 нысан келесі жылға ауыспалы, Текелі 2024 жыл – 2,9 млрд.теңге, Үштөбе 2024 жыл – 3,2 млрд.теңге", – делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ ауданы мен Талдықорған қаласында 27 жобаны әзірлеу жұмыстары аяқталған. 

"2023 жылдың 1 жартыжылдығында 22 жобаға сараптама қорытындысы алынды, құны 11,5 млрд (Ескелді ауданы – 7, Көксу ауданы – 12, Қаратал ауданы – 2, Талдықорған қ. - 1). 57 елді мекен бойынша (Ескелді – 3, Коксу– 4, Каратал – 5, Кербұлақ – 20, Панфилов - 25), жобалау жұмыстары басталды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 634,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде облыстың газдандыру деңгейі 126 елді мекенді немесе 65,6%", – деп қосты әкімдік өкілдері.

Аймақта жылумен қамту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Мұнда жалпы жылу желілерінің ұзындығы 390 километр. Биылдың өзінде 5 жылумен жабдықтау нысанын жөндеу үшін 3,7 миллиард теңге бөлінген. 

"ПМУ Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Пайдалануға беру 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Жобаны уақтылы іске асыру нәтижесінде Текелі қаласының қолданыстағы ЖЭО жаңғырту мәселесі шешілетін болады. Сондай - ақ, жылу желілері мен көздерін қайта жаңарту бойынша 14 ЖСҚ әзірленуде, бюджеттен 614 млн.теңге бөлінді (Қаратал ауданы - 1; Ақсу ауданы - 1; Сарқан ауданы - 1; Көксу ауданы - 2; Панфилов ауданы-2; Талдықорған қаласы-7)", – делінген әкімдік ұсынған ақпаратта. 

2023 жылы "Басқуат" қазандығын қайта құру және кеңейту мақсатында 500 миллион теңге бөлініпті. Жұмыстар 2024 жылдың наурызында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Жетісу облысында 205 шақырымнан асатын электр беру желілелі де жаңартылды. 

"Облыстың электр энергиясын тұтыну 2022 жылы 1,6 млрд.кВт/сағ құрады, оның ішінде меншікті өндіріс 479,2 млн. кВт/сағ, оның ішінде ЖЭК үлесі 340,6 млн. кВт/сағ, Текелі қаласының ЖЭО 138,6 кВт/сағ. Басқа өңірлерден сағатына 1,1 млрд. кВт сатып алынған. Жетісу облысында жалпы қуаты 160,5 МВт 14 ЖЭК нысаны жұмыс істейді (ГЭС – 12, СЭС – 1, ЖЭС - 1). Жетісу облысы бойынша 2023 жылдан 2025 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған ЖЭК объектілерінің тізбесіне жалпы қуаты 156 МВт, құны 118,2 млрд.теңге және 173 жұмыс орнын құрумен 10 жоба (ГЭС – 9; ЖЭС – 1) кіреді", – дейді әкімдік өкілдері. 

Талқылау