Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 164 миллионға салынған амбулатория 5 жыл ішінде апатты деп танылды

Жетісу облысында 164 миллион теңгеге салынған дәрігерлік амбулатория бес жылдың ішінде апатты деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

жөндеуТүсірілімнен скриншот

Қабырғалары жарылып, едені қисайған мекеме жөндеуді қажет етеді. Шенеуніктер оны тағы да қазына қаржысына жөндеуді жоспарлауда. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл амбулатория мемлекеттік қызметкерлердің ақшаны жейтін орнына айналды. Сондықтан халық ғимаратты қайта жөндетіп, ақшаны желге кетіргенше жаңасын салу керек дейді.

Ескелді ауданының Қаратал ауылындағы 50 орындық бұл амбулатория 2013 жылдың желтоқсанда пайдаланылуға берілді. Бірақ бес жылдың ішінде ғимараттың тозығы жетіп, қабырғалары жарылып кеткен. Сылақтары да адам басына түсіп, қауіп төндірген соң ондағы қызметкерлер түгел эвакуацияланды. Сөйтіп, 2018 жылы "апатты" деп танылып, есігіне құлып салынған. Ал ол уақытта мердігердің кепілдік уақыты өтіп кеткен. Қазір сол апатты деп танылған ғимаратты әкімдіктігегілер қайта жөндемекші. БАҒДАТ ҚҰТТЫБАЕВА, Амбулатория меңгерушісі:

“2014 жылдан 2018 жылға дейін4 жыл отырдық. 2018 жылдың желтоқсан айында мекеме апатты деп танылып, бізді ескі амбулаторияға ауыстырды”, – деді амбулатория меңгерушісі Бағдат Құттыбаева.

“Бұл ғимаратты салу үшін 164 миллион теңге жұмсады. Бес жылға жетпей жатып апатты деп танылған ғимаратты тағы жөндеп, тағы ақша жемекші ме? Бұл ғимаратты сүріп тастау керек. Себебі жөндеткенмен ол ертең қайта апатты деп танылады, ал ақша тағы да желге ұшады”, – деді ауыл тұрғыны Дауд Гурьев.

Осылайша амбулаторияның 2,5 мыңға жуық мамандары ескі ғимараттарына қайта көшкен. 

Ал Жетісу облыстық құрылыс басқармасы қабырғалары жарылған мекемеге күрделі жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді.

“Ғимаратты қалпына келтіру үшін және де қабырғаларына сейсмикалық жөндеу жасау үшін бюджеттен 5,6 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжат дайындалуда”, – деді Жетісу облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Әділет Айтақов.

Бес жылдың ішінде апатты деп танылған ғимаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ белгісіз себеппен тоқтатылған. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы еді. Құрылыс басқармасының мәлімдеуінше, бұл ғимараттың пайдалану мерзімі 50 жыл деп келісілген екен. 

Талқылау