Жетісу ауданындағы опырылған жол айдың аяғына дейін жөнделеді - Алматы әкімі
Алматы әкімі Ерболат Досаев қыркүйек айының соңына дейін Жетісу ауданы Эйхе көшесінің бойындағы жол жамылғысына қатысты мәселелер шешілуі керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала әкімімен кездесу барысында аудан тұрғыны, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы жолдың опырылып қалған бөлігін жөндеуді сұрады.
"Жол опырылып қалды, аулаға кіретін жол жоқ. Мердігер компания шілде айында жабуға уәде берген еді. Машиналар соғылып жатыр, адамдар мүлік иелері бірлестігіне жүгінеді, бірақ менде ондай қаражат жоқ. Мекенжайы: Эйхе көшесі, 21", - деді ол.
Ерболат Досаев Жетісу ауданында "қара тізімге" енген бірқатар мердігер бар екенін атап өтті.
"Өкінішке қарай, Жетісу ауданында "қара тізімге" ілінген мердігерлер бар, олар өз жұмыстарын нашар орындап жатыр. Біз оларды ақауларды жоюға мәжбүрлеп отырмыз. Сіз айтқан мекенжай бойынша әкімдікке тапсырма беремін. Қыркүйек айының соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз. Жауып қана қоймай, жол жүруге ыңғайлы болуы үшін бар күшімізді саламыз, қыста ешқандай қиындық болмайды", - деп жауап берді әкім.
Әкімнің сөзінше, биыл Жетісу ауданында 18 көшеде 22 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
"4 көшеде (Омаров, Қазыбаев, Қожамияров, Қазыбаев көшесі) жол жөндеу жұмыстары қыркүйекте, қалған 14 көшеде қазан айында аяқталады. Бұдан басқа, ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарланған", - деді ол.
Бұдан бөлек, аудан әкімдігі биыл берілген өкілеттіктер шеңберінде 8 мың шаршы метр болатын 11 көшедегі жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізәп жатыр. Қазан айының соңына дейін тағы 7 мың шаршы метр жол жөнделеді.