Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Жетісайда төбелес кезінде жасөспірім құрдасын пышақтап тастаған. Ауыр жарақатпен 10-сынып оқушысы жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір бұл факті бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Жетісайда құрдасын пышақтаған оқушы қамауға алынды

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл жасаған оқушы 2 айға қамауға алынды. Өз құрдасын өлтіруге оқталған деп айыпталған мектеп оқушысы, қатарластарының айтуы бойынша әрдайым қатал болған және тәртібі қиын жасөспірімдердің қатарында болған. Ол кәмелетке толмағанға дейін мектеп қабырғасында қару ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершіліке тартылды. Содан кейін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаңа оқу жылында ол басқа мектепке, Д.Қонаев атындағы лицейге ауысты.

«Менің ойымша, барлығы оның тәрбиесіне қатысты. Олар оның тәртіпті оқушы болу үшін бәрін жасады. Мектеп инспекторы Азамат Салтореев күш салды. Бірақ олар бұл оқиғаның алдын ала алмады», - деді мектеп директоры Роза Мұсабекова.

27 қарашада ұсталған жасөспірім сабақ барысында жақын маңдағы мектепте оқушымен ұрысып қалған. Олар сабақтан кейінгі қарым-қатынас туралы сөйлеспек болады. Кездесуге пышақпен келген ол төбелес кезінде қарсыласының басын жарақаттайды. Жарақаттанған Жетісай қаласы 10-сынып оқушысы өте ауыр жағдайда  аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, кейіннен Шымкент қаласына облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Зардап шегуші біздің ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді және жансақтау жатқызылды. Екі күннен кейін жағдайы тұрақталған кезде біз оны нейрохирургия бөліміне жібердік. Қазір науқастың жағдайы тұрақты және ауыр, ол барлық емді қабылдауда», - деді облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Тимур Бегманов.

Ұстаздар мен сыныптастар төбелесте зардап шеккен жасөспірімді тек оң жағынан сипаттайды. Зардап шегуші  спортпен айналысып, мектеп жарыстарына белсенді қатысқан. Қазір бұл оқиғаны полиция тексеріп жатыр. Пышақтаған оқушы қамауға алынды.

«Прокурордың санкциясымен ұстауға қолдау көрсетіледі», - дедіЖетісай аудандық сотының судьясы Ермек Қожамқұлов.

Аудан басшылары уәде еткендей, олар тергеуді ерекше бақылауға алады. Нәтижесінде қайғылы жағдай орын алған барлық лауазымды адамдар жауапқа тартылады.

Талқылау