Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жетінші жүктілігім": Бесінші баласын дүниеге әкелетін Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүктіліне қатысты құпиясын бөлісіп, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің бесінші баласына аяғы ауыр екенін айтқан едік. 

“Менің жетінші жүктілігім. Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, ол кезде сезбеу – заңдылық. Өйткені, бір басыма біраз дүние үйір болған еді. Оған халық куә болды. Одан кейін көпшілік білмейтін жеке мәселем бар. Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей. Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дерк езінде өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы бір түйір періштем барлық мәселені шешіп жіберді десем, асылық айтқаным емес. Өйткені мен күтпеген, таңғажайып дүниелер орындалды. Құдды бір кино сияқты. Дәл сол сәтте мен ештеңе сезген жоқпын. Бұл жаратушының маған берген үлкен сыйы. Бергенінен берері мол дегенді енді ғана түсіндім”, – деп жазды актриса. 


  • "Немерелер рахатын көреді": Гүлзира Айдарбекова жекеменшік сауда үйін салып жатқанын айтты

  • "Атасы мен әжесі қайда?": Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды


Еске салайық, актриса өзінен кіші жігіттің сезіміне жауап беріп, көпбалалы ана екенін айтқан еді. 

“Бұл сезім бе, жоқ әлде..? Рақмет! Менің 5 балам бар. Сезімді қабылдап түсінсе де, саналы түрде сан сауалға жауап тапса да, жанымен дайын еместей...”, – деп жазды актриса. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 13:10
Талқылау