Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жітіқарадағы өртте 5 баласы өртеніп кеткен ана 5 жылға сотталды

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында 5 баласы өртеніп кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің “Абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

"Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді", — делінген Жетіқара аудандық сотының хабарламасында. 


Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды


Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Сот шешімімен айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әйелдің жас баласының болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып, бес бала қаза тапқан еді.

 

Талқылау