Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жастағы баласына қалдырып кеткен: Шымкентте екі жасар бүлдіршін балконнан құлап кетті

Шымкентте екі жасар бүлдіршін екінші қабаттың балконынан құлап кетті. Дәрігерлер қыз баланың жағдайы ауыр екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

балкон

Көпбалалы ананың сөзінше, ол қызын жеті жасар ұлымен қалдырып, өзі шығып кеткен. 

"Бір сағатқа сыртқа шұғыл шаруаларыммен шығып келу қажет болды. Күйеуім хабарласып, қызымыздың балконнан құлап кеткенін айтты, ол көршілерден естіген. Үйден шыққан таксимен кері қайттым. Ауруханаға бірге келдім, қызымды тіпті көре алмадым. Жеті жасар балам үйде болған еді, көрішеме де айтып кеткенмін", - дейді баланың анасы. 

Бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліпті, дәрігерлер оны томографияға түсіріп, шұғыл түрде ота жасаған. 

"Шұғыл түрде бас сүйек трепанациясы жасалды. Қазір қыз баланың жағдайы тұрақсыз, ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті ем шаралары жүргізілуде", - деді балалар нейрохирургия бөлімінің жетекшісі Тимур Бегманов. 

Екінші қабаттан құлаған қызына бөлек, әйелдің тағы үш баласы бар. Отбасы пәтер жалдап тұрады, анасы жұмыссыз үйде отыр. 

Төтенше жағдайлар мәліметінше, былтыр бір бала, 2019жылы екі бала жоғары қабаттан құлап көз жұмған. 


Кішкентай айкезбе қыз 12 қабаттан құлап, аман қалды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр