Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жасар мектеп оқушысын онлайн сабақ кезінде зорлады

АҚШ тұрғыны Кэтрелл Уоллс жеті жасар баланы зорлады деп айыпталды. Полицияның мәліметінше, он сегіз жасар Уоллс мектеп оқушысын онлайн сабақ кезінде зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн сабақ күндізгі уақытта болған, қыз сабақтар арасындағы үзіліске шыққан, бірақ оның камерасы қосылып қалған. Осы уақытта мұғалім екі оқушының: "Не болды? Не болып жатыр?" - деген дауысын естиді. Экранға қараған мұғалім ересек адамның мектеп оқушысын зорлап жатқанын көрген.

Мұғалім оқиға туралы дереу мектеп директорына хабарлады, содан кейін оқу орнының әкімшілігі полиция шақырды. Уоллс ұсталды, құқық қорғау органдары оның қызға кім болып келетінін айтпады.

Сот отырысы кезінде ер адам кінәсін мойындап, өз іс-әрекетіне өкінетінін айтты. Тергеу жалғасып жатыр.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2020 18:24
Талқылау