Жеті жасар бала қарындасы мен әкесін құтқару үшін бір сағат ішінде 1,5 км жүзіп өтті
Флорида штатының Джексонвилл қаласында жеті жасар бала батып бара жатқан қарындасы мен әкесін құтқару үшін жағалауға дейін бір жарым шақырымды бір сағатта жүзіп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
28 мамыр күні жеті жасар Чейз Пуст, оның төрт жасар қарындасы Эбигейл және олардың әкесі балық аулауға барған. Қайық зәкірде тұрған кезде, Чейз бен Эбигейл жүзгісі келді.
"Ағын күшті болғаны соншалық, әдетте қайықтың артқы жағынан ұстап тұратын қарындасым оны жіберіп алды", — деді Чейз.
Қызды ағын әкетіп жатқан. Әкесі Стивен Бос қызға көмектесуге асыққан. Ол суға секіріп, қызын ұстап алды. Эбигейл құтқару жилетін киген еді.
"Мен оларды жақсы көретінімді айттым, өйткені мен бұдан кейін не болатынын білмедім. Мен оны мүмкіндігінше ұстап тұруға тырыстым, бірақ күшім жетпеді", — деді Стивен Пуст.
Ағынның күшті болғанынан тіпті ер адамның өзі қайта қайыққа міне алмады.
Әкесі қызын құтқаруға тырысып жатқанда, Чейз жағаға қарай бет алды. Ол тоқтамай бір сағат жүзген. Арасында демалу үшін артымен де жүзіп барды. Ақыр соңында ол жағаға жетіп, көмекке шақыру үшін жақын маңдағы үйге қарай жүгірді. Көршілер жедел қызметтерге қоңырау шалды. Құтқарушылар Эбигейл мен оның әкесін тез тауып алып, жағаға шығарды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
