"Жеті пирамида салынбаса, әлемде індет жайылып, соғыс басталады": Шымкентке жақын маңдағы қасиетті тауда пирамидалар пайда болды

Түркістан облысының тұрғындарын кенеттен пайда болған пирамидалар таңғалдалдырды. Қазығұрт тауында үш метрлік төрт пирамиданы көрген халық бұларды кім салғанын айтып, желіде түрлі пікірлер қалдыруда. Біреулер тіпті фигураларды бөтен планеталықтар орнатты деген болжам айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

пирамида

Қазығұрт тауында пайда болған пирамидалар жергілікті жұрттың назарын аударды. Биіктігі үш метрге дейін жететін фигуралардың туындауын халық түрлі себептерге болжапты. Десек те пирамидаларды салған адам екені анықталыпты. Өзін профессор әрі қазығұрттанушы деп таныстырған Бералы Артықалиев бұларды өзі тұрғызғанын жеткізді. 

"Бұл пирамидалардың энергетикасы адамдікінен қарағанда он есе күшті. Байқағандарыңыздай, елімізде коронавирус ахуалы тұрақталып келеді. Бұл мен төртінші пирамиданы салып біткеніме байланысты", - дейді ол.

Сөзінше, бұл пирамидаларды тұрғызуға профессорға Мұхаммед пайғамбардың өзі аян берген. 

"Намаз оқып жатқанымда, пайғамбарымыз келіп, "дайынсың ба?" деп сұрады. Мен дайынмын деп жауап бердім. Сол кезде ол осы Қазығұрт тауында бұрын жеті пирамидалардың болғанын айтып, егер олар қайта орнатылмаса, әлемге қатерлі індет келіп, соғыс басталатынын, орасан зор жарылыстар орын алатынын жеткізді. Бұл пирамидалардың биіктігі үштен жеті метрге дейін жетеді", - деп қосты Бералы Артықалиев. 

Бұған қоса қазығұрттанушы пирамидаларды салуға көмек сұрап барған жерім қалмады дейді. Тіпті Кәрім Нәсімовқа да хат жолдапты. Оның ауызша келісімін алғаннан кейін демеушілердің ақшасына фигуралардың құрылысын бастапты. 

Профессордың айтуынша, ол пирамидаларды былтырғы жылдың шілде айынан бастап орнатып келеді. Оларды салуға Қазығұрт тауы бекер таңдалған жоқ екен. Өйткені 12м ың жыл бұрын дәл осында ең алғашқы пирамидалар болған. 



Ал Қазыұрт әкімдігі бұл жерге пирамида салу заңсыз екенін айтып, тіпті Бералы Артықалиевті жерді заңсыз иемденіп алғаны үшін сотқа беріпті. 

"Қалалық сәулет басқармасы бұл құрылыстың заңдылығын тексеруде, іс сотқа жіберілді. Оның бұл жерге пирамида салуына рұқсаты жоқ", - дейді Қазығұрт ауданының жер жөніндегі бөлімнің басшысы Сәбит Әлсейітов. 

Шенеуніктер артына түсіп алғанына қарамастан Бералы Артықалиев келесі пирамидалардың құрылысын бастағалы жатқан көрінеді. Ал оның биіктігі енді жеті метр болмақ. 

"Мен биліктегілерге егер бұл пирамидаларды салып бітірмесем, 13 қыркүйекте әлемде 19 ядролық жарылыс болатын жеткізе алмай келемін", - деп қосты ол. 

Пирамидаларды тұрғызу үшін профессор құм, тас, цемент, су, шунгит және аспид тастарын қолдануда. Бералы Артықалиев шунгитты пайғамбардың өзі энергетиканы күшейту үшін қолдансын деп айтқанын, бұл біздің еліміз бен бүкіл әлем жұртшылығын аман алып қалуға септігін тигізетіні туралы аян еткенін алға тартады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр