Жеті ай бойы комада жатқан әйел сау баланы дүниеге әкелді
Үндістанның Буландшахр қаласының 23 жастағы тұрғыны жүкті кезінде апатқа ұшырап, жеті айдан кейін комада жатқан жерінен сау бала дүниеге әкелді,. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times Of India-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел жүктіліктің алтыншы аптасында күйеуімен бірге мотоциклге отырып, апатқа ұшыраған. Басында қорғаныш бас киімі жоқ болған соң ол көптеген бас жарақаттарын алады. Әйелдің миына бес ота жасалып, аман қалады. Бірақ мүлде есін жимайды.
Тексеру барысында баланың дені сау екендігі анықталды, ал зардап шеккен әйелдің күйеуі жүктілікті сақтау туралы шешім қабылдайды. Ол әйелінің қасында болу үшін жұмыстан шығып, жеті ай бойы оған қамқорлық жасаған.
Қазан айында әйел қыз туды. Ол баланы өздігінен тамақтандыра алмайды, өйткені әлі ес-түссіз күйде жатыр. Сондықтан жаңа туған нәресте бөтелкедегі сүтпен қоректенуде.
"Қазір менің айтарға сөзім жоқ. Не істеу керектігімді және одан әрі қалай өмір сүретінімді білмеймін. Бәрі тығырыққа тірелді", - дейді қазір баланың әкесі.