Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетеуі бала: Қостанай облысындағы мектепте уланғандар саны 11 адамға жетті

Қостанай облысы Тимофеевка ауылында медициналық көмекке жүгінген тоғыз науқаста сальмонеллез расталды. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Алматыда анасы мен ұлы жәндіктерді өлтіреміз деп өздері уланып қалды

11 қыркүйекте Әулиекөл ауданында Тимофеевка қаласында тұратын 11 адам медициналық көмекке жүгінді. Барлық науқастарда алдын-ала диагноз - жедел гастроэнтероколит.

"Он бір пациенттің ішінде жеті бала және төрт ересек адам бар. Олар Тимофеев орта мектебінің жанындағы шағын орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілері. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа, оң динамика байқалады.  Жүргізілген зертханалық зерттеулер бойынша тоғыз пациентте "сальмонелла энтеритидис " диагнозы расталды", - деді Байтанаев.

Оның айтуынша, мектепте тек оқу орнының базасында жұмыс істейтін шағын орталық пен интернаттың тәрбиеленушілері ғана тамақтанады. Қалған оқушылар мектеп асханасында тамақтанбайды.

Мектепке тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары шықты. Науқастар мен олардың ата-аналарына сауалнама жүргізілді, ас блогы тексерілді.  Эпидемиологиялық тергеу барысында болжамды таралу жолының тамақ екені анықталды.

Мектепте мамандар асхананы тексеріп, зертханалық зерттеулерге азық-түлік, су, сондай-ақ шайындыларды алды.

Тимофеевка ауылында балаларды оффлайн оқытады, өйткені мектеп шағын. Шағын орталықта 14 бала тамақтанды, оның жетеуі ауырып қалды, қалған оқушылар денсаулық жағдайларына шағымданбады.

Мектеп асханасының жабылғанын атап өткен жөн.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2020 17:44
Талқылау