Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жесір әйел сияқты жалғыз жүреді": Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге қыдырмайды дейтіндерге жауап берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жалғыз өзі Европаны аралап келгені үшін оқырмандарынан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі Фарнция, Италия және Швейцария елдерінде болып, оқырмандарына тамаша табиғатты көрсетті. Алайда оқырмандар жалғыз өзі қыдырып жүрген продюсерден жолдасының қайда екенін сұрады. 

“Осы Гүлзира үнемі жесір әйел құсап болмаса күйеуге шықпаған кәрі қыз ұқсап жалғыз жүреді. Қасында өмір бойы бірге келе жатқан жолдасы қайда?! Үлкендік жақындағанда неге бірге жүрмеске?!”, – деп жазды оқырманы.



Өнер иесі осы күнге дейін жалғыз қыдырмағанын, жолдасымен қай елдерді аралағанын айтып берді. 

“Былтыр жолдасыммен екі мәрте Түркия елінде дем алдым. Немерелеріммен үшінші рет тағы бардым. Кипрға, Вьетнамға, Кореяға сіңлілеріммен бардым. Жалғыз барған емеспін. Қазақстандағы Алакөлге биыл жолдасыммен, ұлдарыммен кіші келінім, қайын іні, абысындарыммен бардым. Мен жалғыз жүрмеппін”, – деп ақталды өнер иесі. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласына қатысты пікір білдіргенін жазған едік. 

Талқылау