"Жертөлеге қамаған": Ақмола облысында қарулы шабуылдаушылар мәслихат депутатының үйін тонап кетті
Фото: freepik.com
Ақмола облысына қарасты Астраханка ауылында аудандық мәслихат төрағасының үйіне бетперде киген қарулы адамдар басып кіріп, шабуылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Nayza Kokshe басылымының мәліметінше, түн жарымында екі қарулы қаскөй (екі ұңғылы мылтықпен) бетперде киіп, үйге кіріп келген. Олар отбасы мүшелеріне қарумен қоқан-лоқы көрсетіп, ақша, алтын бұйымдар мен қол сағаттарын, сондай-ақ көлікті алып кеткен. Үй иелерін жертөлеге қамап, ұрланған көлікпен белгісіз бағытқа іздерін суытқан.
Ақмола облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
-
Премьер-министр Олжас Бектенов пен оның орынбасарлары Қазақстанның қай өңірлерінде демалатынын айтты
-
Заңсыз қамауда болған қазақстандық мемлекеттен 40 миллион теңгедей өндіріп алды
“Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында тұр”, – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
