Жерлеу үшін миллион сұраған: Бейітте бизнес жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматыда жерлеу қызметін миллион теңгеге дейін қымбаттатқан қабіршілер құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабаралайды.
Зираттың екі қызметкері жақынын жер қойнына тапсыруға келген жандардан жерлеу рәсіміне қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де көрсетпей, ақшаны заңсыз иемденген.
Бейіт басындағы бассыздыққа шыдамаған сегіз адам бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікке ілінген азаматтар қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қорымдағы қарбаласты пайдаланып, қалтасын қампайтқысы келетіндер үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертті.
"Тергеу амалдары жүргізілуде. Кеше екі азаматты қолға түсірдік. Екеуі де зиратта жұмыс істеген азаматтар. Олар өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ олар қаза болғандардың туыстарына материалдық қана емес моральдық нұқсан келтірді", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ