"Жергілікті Хатико": Ит коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күтіп жүр
Ресейдің Кемерово қаласындағы аурухананың алдын үш айдан бері торуылдаған ит жұрттың көңілін елжіретті. Жергілікті тұрғындар иттің коронавирустан көз жұмған иесін күтіп жүргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NGS42.RU-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр. Жергілікті тұрғындар оның ауруханаға түскен иесін күтіп жүргенін айтады. Алайда иттің иесі осында үш ай бұрын аурудан көз жұмған.
Тұрғындар итті “Хатико” деп атап кеткен.
Анасы үш жасар қызын аю қамалған торға лақтырып жіберген: Бұл сәт видеоға түсіп қалған
"Төбет адамдарға агрессия танытпайды, аурухананың алдынан кетпей жүр. Итті өзіммен алып кеткім келді, бірақ ол маған келмей қойды. Кері қарай қашады, болды. Иесінің итті жақсы баққаны көрініп тұр", – деді Кемерово тұрғындарының бірі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"