Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерден алып, жерге тығып шаршатқан еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты мақтағандарға алғыс білдірді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты мақтайтын жастарға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Алайда өнер иесі адамдарға ақша төлеп, әншілерді қаралайтындардың барын айтты. 

“Жастардың талғамы жайлы екен. Көзім шалып қалды. Қай ана болса да, баласы жайлы жылы сөздер естігенді жек көрмес. Фейк өсекші, жұлдыздарды пайдаланып, хайп жасап, оқырман көбейту әрекеттерді көріп жүрміз. Адамдарына ақша төлеп пиар етіп, өтірік тақырып ойластырып, айтпағанды айтты етіп, елді шулатып жүргендер де жетерлік. Жерден алып, жерге тығып отыратындар шаршатқан еді. Мына жастардың жылы сөздері үшін жақсы көріп отырмын”, – деді Гүлзира Үсенқызы. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Қайрат Нұртасты аңыз адамға теңеп жатыр. 

“Қайраттың жөні мен жолы бөлек”, “Біз де Қайратты мақтаймыз”, “Әншілердің бәріне үлгі болып жүр”, “Ақкөңіл, кішіпейіл, қарапайым, жүрегі кең ер азамат. Әндерін жүрекпен айтып, халықтың жүрегіне жеткізеді”, Қайрат өзін дәлелдеп қойған әнші. Ютубта коментарий оқысаңыз қаншама шетелдік тыңдармандары бар. Сөзін түсінбесек де “жанымыздың тыныштығы үшін тыңдаймыз” деп жазады”, “Арамдығы жоқ, аңқылдап тұрған бала. Ата-анасына рақмет жақсы тәрбие берген”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Қайрат Нұртастың экс-директоры не себепті жұмысты тоқтатқанын түсіндірген еді. 

 

Талқылау