Жердегілер аспаннан ғаламшарлар шеруін көре алады
28 наурызда түнгі аспанда бес планета Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Уран бір қатарға тізіле орналасады. Ғаламшарлардың шеруі жердегі адамдарға көрінеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап.
Астрофизик Кэмерон Хуммельс ғаламшарлар шеруін тіпті ауа айтарлықтай ластанған ірі мегаполистердің өзінде де арнайы құралдардың көмегінсіз көруге болатынын айтады. Оны Солтүстік жарты шарда да, Оңтүстік жарты шарда да байқауға болады.
“Ғаламшарлар шеруі күн батқаннан кейін, аспан жарығы әлі көлеңкеленбеген кезде, қою көк түске боялған шақта, түн батпай тұрып тікелей Айдың астынан көрінеді. Бұл астрономиялық құбылысты көру үшін батыс көкжиектің жақсы көрінісі бар биіктік нүктесін таңдаған жөн”,- деді Хуммельс.
Дегенмен ауылдық жерлерде планеталардың туралануы жақсырақ көрінеді.
"Уран Венераның қасында тұрады, дегенмен мегаполисте оны дүрбісіз немесе телескопсыз көру қиын болуы мүмкін. Венера мен Уранның астында Юпитер мен Меркурий, көкжиектен сәл жоғары болады. Меркурийді арнайы жабдықсыз ажырату да қиын болады. Өйткені күннің жарқырауы планетаны бүркемелеуі мүмкін. Бірақ мұқият бақылаушылар екі планетаны да күн батқаннан кейін 20-30 минут ішінде көре алады", - деді Кэмерон Хуммельс.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
