Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жердегі ең ақылды жасанды интеллектті" енді барлық пайдаланушылар тегін қолдана алады

Илон Масктың xAI компаниясы "жердегі ең ақылды жасанды интеллект" Grok 3-ті барлық қолданушылар тегін пайдалана алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: SIPA

Бұған дейін жасанды интеллектің жаңа нұсқасы тек X платформасындағы Premium+ жазылушыларына ғана қолжетімді болған еді.

Қызығы, xAI серверлері жүктемені көтере алғанша, Grok 3 толықтай тегін болмақ. Ал кеңейтілген нұсқасы, мысалы, дауыстық режимді қамтитын мүмкіндіктері ақылы болып қала береді.

Әзірлеушілердің айтуынша, Grok 3 өзінің алдыңғы нұсқасынан, яғни Grok 2-ден 10 есе ақылды. Одан бөлек, xAI-дің жаңа нұсқасы математика, ғылыми есептеулер және бағдарламалау бойынша GPT-4o, Claude 3.5 Sonnet, Gemini-2 Pro және DeepSeek-V3 жасанды интеллекттерінен асып түсті.

Еске салсақ, бұған дейін Илон Маск OpenAI жасанды интеллектін 100 миллиард долларға сатып алғысы келетінін мәлімдеген еді. 

Талқылау