Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерде жатқан әжейді теуіп кетіп қалған фельдшер видеоға түсіп қалды (видео)

Ростов-на-Донуда фельдшер жерде жатқан қарт әйелді аяғымен теуіп, кейін кетіп қалады. Медицина қызметкерінің бұл әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фельдшер

Оқиға 13 тамыз күні Мәскеу уақытымен сағат 17:30 кезінде Варфоломеев көшесіндегі 222 үйдің маңында болды. 

«Адамдар жедел жәрдем шақырған. Анау фельдшер келіп, аяғымен бір тепті де, кері бұрылды да кетіп қалды», - дейді жазба авторы. 

Болған жағдай туралы жазған азамат екінші рет жәдел жәрдем шақырғанын айтады. Алайда телефон арқылы оған медицина қызметкерлерінің жіберілгенін, қосымша тағы бригада жібермейтінін айтқан. 

«Жедел жәрдемді менің таныстарымның бірі шақырды. Ол кезде әже есін біліп жатқан еді. Бірақ бұл оны тратуарда қалдырып кете беруге болады деген сөз емес қой», - деп жазды Anjuta Tugrinova есімді желі қолданушысы. 

Тағы бір желі қоданушысы ақырында екінші жедел жәрдемнің келіп, қарияны алып кеткенін айтты. Оның ішімдікті шектен тыс ішіп алғаны белгілі болды. 

Талқылау