Жерде жақында "екінші Ай" пайда болады: Ғалымдар аспан денесін тек екі ай бақылауға болатынын айтады
Күзде Жердің екінші серігі пайда болады. Ғалымдардың дерегінше, астероид планетаға жақын маңнан ұшып өтеді. Алайда Жерге жақындағанда тартылыс күшінен траекториясын өзгертіп, бірнеше аптаға планетаның екінші серігіне айналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Екінші "Айдың" диаметрі небәрі 10 метр. Оны тек ай – қарашаның соңына дейін тамашалауға болады. Шамамен 25 қарашада тартылыс күшінің әсерінен босап, әрі қарай "саяхатын" жалғастырады. Аспан денесін арнайы құрылғысыз көру мүмкін болмайды. Бұл үшін арнайы телескоп керек екен.
Астрономдар арасында 2024 РТ5 деп аталатын астероид Арджун белдеуінен ұшып келген. Астероид бұлты түрлі көлемдегі тастардан тұрады. Кейде жеке астероидтар Жерге жақын келеді екен.
Алғаш рет аспан денесін НАСА-ның Asteroid Terrestrial-Impact Last Alert System (ATLAS) жүйесі 7 тамызда байқаған. Астероидтың келе жатқанын көрген ғалымдар оның кейінгі траекториясын есептей алған. Егер есеп дұрыс болса, астероид баяу ұшып, Жердің тартылыс күшінің әсеріне тап болады.
Шағын Айларды ғалымдар бұған дейін де байқаған. Тіркелген аспан денелерінің кейбірі Жерге қайта келген екен. Мәселен, 1981 жылы 2022 NX1 астероиды бірінші рет Жердің "екінші Айына" айналса, 2022 жылы қайта оралыпты.
Сөз етіп отырған 2024 РТ5 астероиды да 2055 жылы қайта оралады.