Жерде пайда болған жарықшақтан Африка контитенті екіге бөлінуі мүмкін
Кенияның оңтүстік-батысында пайда болған үлкен жарылу ондаған миллион жылдар ішінде Африка континентін екі бөлікке бөлуі мүмкін.
Ауданда сейсмикалық белсенділікпен жүріп келген көп шақырымдық рифт Найроби-Нарок тас жолының бір бөлігінің жойылуына әкелді. Бұл туралы “Моя Планета” хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Арқалықты қалыптастырған Шығыс-Африка жарықшақтары 3000 шақырымға созылған. Ол бір-бірінен жылына алты-жеті миллиметр жылдамдықпен өтетін Сомали мен Нубия тақталарын тең емес екі бөлікке бөлген.
Оңтүстікте ақаулар жаңадан пайда болғандықтан жылына олар 2,5-5 сантиметр жылдамдықпен ұлғайып отырды. Ал солтүстіктегі бүкіл аңғарды жанартау жыныстары басып қалған. Бұл литосфераның толық жойылуын білдіреді.
138 миллион жыл бұрын дәл осындай континенттік жарылыстың нәтижесінде Атлант мұхиты пайда болған. Содан кейін Африка мен Оңтүстік Америка бір-бірінен бөлініп кеткен. Олардың жағалау сызығының сәйкестігін бүгінге дейін бақылауға болады. Осындай жағдай Африканың батпақты алқабында да орын алуы мүмкін. Бұл қатер шынымен болған жағдайда бөлінген жердің орнын мұхит толтырады. Ал Африка құрлығының, соның ішінде Эфиопия мен Сомалидің бөлігі үлкен аралға айналады.
Оқи отырыңыз:
Жыныстық дау-жанжалға қатысты айыпталғандар өздеріне жала жапқан жігіттің үстінен арызданды
Картоптан өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел 13 жыл бойы жабық кеңістікте өмір сүріп келеді
Қызғаншақ дағыстандық адамдардың көзінше қалыңдығын таспен ұрды (видео)