Жерде күшті магниттік дауыл тіркелді
Қолданбалы геофизика институты (IPG) Жерде G4 класындағы күшті магниттік дауылды тіркеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Бес балдық шкала бойынша Жердің магнит өрісінің бұзылу дәрежесі G1 әлсіз, G5 төтенше жағдай тұсында деп бағаланады. IPG мәліметінше, ол өткен тәулікте G4 деңгейіне дейін жеткен.
Жердегі G4 деңгейіндегі магниттік дауылдар кезінде байланысқа елеулі кедергілер, радиобайланыстық үзілістер, спутниктік және радиожиілік навигациясымен көптеген сағаттық мәселелер туындауы мүмкін.
24 сәуірге қараған түні Қолданбалы геофизика институты (IPG) Жерде G3 класындағы күшті магниттік дауылды тіркеді. Үшінші деңгейде магниттік дауыл энергетикалық жүйелердің сақтандырғыштарында жалған дабылдар мен ғарыш аппараттарының бағдарлануындағы қателерді тудырады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”