Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерасты өткеліне кіріп кетті: Алматыда жүргізуші көлігінің неліктен адамдар жүретін жерде тұрғанын түсіндірді

Куәгерлер жерасты жаяу жүргіншілер өткеліндегі баспалдақта тұрғанын түсіріп алған Toyota автокөлігінің жүргізушісі полицияға оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні таңертең Райымбек пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында болды.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиғаның себептерін белсенді түрде талқылауда.

"Навигатор айтқан шығар...", "Қысылып қалуы мүмкін", "Кептелістен қашқысы келген бе?", - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official) on

Инспекторлармен әңгімеде жүргізуші қалалық агрегаторлардың бірінде такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және көшелердің қиылысында клиент күтіп тұрғанын айтты. Көліктен шыққаннан кейін ол беріліс иінтірегін тұрақ режиміне қоюды ұмытып кетіп, көліктің өзі қалай қозғалғанын байқамаған.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркелді, тергеуді қаланың Әуезов ауданы полиция бөлімінің әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері жүргізуде. Әкімшілік іс басталды. Зардап шеккендер жоқ. Тек жерасты өткелінің өзі зақымданған", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіні қандай жаза күтіп тұрғаны әлі белгісіз. Ол жаяу жүргіншілер өткеліне келтірілген шығынды өз қаражаты есебінен өтеуі керек екені анық.

Талқылау