"Жер шетелдіктерге берілмейді". Ералы Тоғжанов нақты шешім қабылданғанын айтты
Жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешімі арнайы заң жобасы ретінде Парламенттің қарауына 12 наурызда енгізілді. Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді.
Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов әлеуметтік желілерде заңға қатысты түсініспеушіліктер бар екенін атап өтті. Ол жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданып, мәселеге нүкте қойылғанын айтты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн