Жер сату мен оны жалға беру мәселесін ұлттық кеңес талқылайды — Жеңіс Қасымбек

Ауыл шаруашылығы жерлерін сату мен оларды жалға беру мараторий мәселесін жуырда ғана құрылған ұлттық кеңес қарастыратын болады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы кезінде вице-министр Жеңіс Қасымбек айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

жер

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды. Сондай-ақ, ауылдарға жер учаскелерін сату мен оларды жалға беру мәселесі бойынша өңірлерге кесте бекітілді. 2019 жылдың соңына қарай ҚР президентінің жанынан құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылды», - деді Жеңіс Қасымбек. 

2016 жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер туралы кодекске» енгізілген өзгерістерге 5 жылдық мараторий жариялаған болатын. Сондай-ақ, жуырда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің қандай жағдай болса да, шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. 

«2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мараторий аяқталады. Дәлірек айтсақ, ауыл шаруашылығы жерлерін сату мен жалға беруге салынған тыйымға қатысты айтылып отыр. Біз осы мәселеге байланысты шешім қабылдауымыз керек. Ал шетелдіктерге тоқталатын бослақ, оларға жеріміз сатылмайды», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр