"Жер қопарып тастағандай отырмын": Жұлдыз Әбдікәрімова декретке шығу үшін құжат жинаудың қиындығын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Отандық кино жұлдызы Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол декретке шығу үшін тиісті құжат жинау оңай шаруа емес екенін жасырмады.
"Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, оған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар – бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде "уақытша жұмысқа жарамсыз" деген бір жапырақ қағазды алғаш рет қолыма алып тұрмын", – деп жазды ол.
-
"Қомақты қаржы керек": Жұлдыз Әбдікәрімова үйінің құрылысы бітпей қалғанын айтты
-
"Жүкті әйелге оңай емес": Жұлдыз Әбдікәрімова үйіндегі жөндеу жұмыстарын көрсетті
Актрисаның сөзінше, декрет демалысын рәсімдеу кезінде түрлі құжаттар талап етіліп, еді, оны алу үшін бірнеше мекемеге жүгінуге тура келген.
"Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды "лупамен" қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің. Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді", – деп әзілдеді актриса.
Еске салайық, актрисаның жеті құрсақ көтергенін жазған едік.

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
