Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтата тұруды көздейтін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

zemlya

ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов аталған заңды таныстырды.

Ұсынылып отырған заң жобасы мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 18 тамызында қабылдаған Жарлығына сәйкес енгізіліп отыр.

Жер реформасына байланысты қабылданған кейбір шешімдердің қоғамдық пікір тудыруына орай орын алған проблемаларды талқылай келе, мораторий жарияланған болатын. Оған орай үстіміздегі жылы 30 маусымда тиісті Заң қабылдады. Сол Заңда мораторийдің мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген еді»,-  деді ол.

«Осыған сәйкес, жер комиссиясы мемлекет басшысына ұсыныспен шықты. Ол ұсыныс ҚР Президенті тарабынан қолдау тауып, арнайы Жарлықпен 2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылып отыр. Сіздерге енгізілген заң жобасында осы бір ғана мәселе қаралады», – деді Мырзахметов.

Жіберіп алмаңыз:

Елорда атауын өзгерту: Астана тұрғындарына қандай құжаттарды ауыстыруға тура келеді

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Салық төлеуден жалтарған әншілер жазаланатын болады

Талқылау