Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер атмосферасынан электр энергиясының алып қуаты табылды

Канададағы Калгари университетінің ғалымары Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында температурасы 10 мың Цельсий градусына жететін дыбыстан да жылдам плазма бар екенін анықтады.

55917

Бұл туралы Science Alert хабарлайды.

Олардан алып электр алаңы түзіліп, ионосферада жайылған. 1908 жылы норвег ғалымы Кристиан Биркеланд күн желі мен Жердің магниттік аймағы түйіскен кезде электр энергиясының алып қуаты пайда болатынын айтқан. Полярлы сәуленің пайда болуына жауапты болып табылатын 80-100 шақырым биіктікте орналасқан Биркеланд тогының растығы 1970 жылдары нақтылана түскен еді.

Алынған мәліметтерді үш бірдей спутникпен зерттеп, алып электр алаңына тап болған. Бұл алаң дыбыстан да жылдам жылдамдыққа ие плазмалар толқынын тудырады. Ғалымдар мұндай жүйе Жердің ішкі ядросында да бар деп есептейді. Европалық Swarm ғарыш аппараты Алясканың астында 3 мың шақырым тереңдіктен балқыған темір өзенін тауып алған. Соңғы 20 жылдықта бұл толқынның жылдамдығы үш есе жоғары көтеріліпті.

Оқи отырыңыздар:

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Талқылау