AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер астын паналаған балаларды аурухана алдында атып кеткен: Қазақстандықтар Киевтегі балалар ауруханасына бір тәулікте 5,5 млн теңгедей қаражат жинаған

Соңғы күндері Украиндағы елдің ең үлкен балалар ауруханасы Охматдитке (Ана мен баланы қорғау) жаралы балалар мен ересектер келіп түсіп жатыр. 27 ақпанға қараған түні мұнда 5 адамның өмірі құтқарылған. Өкінішке қарай, марқұм болғандар да бар. Қазір бұл балалар ауруханасы соғыс уақытында бейбіт адамдарды да, қақығыстар кезінде жараланғандарды да қабылдап жатыр. Қазақстандықтар өз кезегінде өмір үшін күресіп жатқан балалар мен жаралыларға өз көмектерін қайырымдылық арқылы беруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: facebook.com/ndslohmatdyt/

Қазақстандық "Help Today” қоғамдық қоры украиналық аурухананы қолдап, қаражат жинауды бастап кеткен.  

“Охматдит" ауруханасының басшылығы біздің "Help Today" қорына пациенттерге қайырымдылық, волонтерлік көмек көрсетуді сұрап ресми хат жолдады.

Мен жеке басым жетекшілерін танимын, бұл – біртуар дәрігер Владимир Жовнир. Ол әріптестерімен бірге қазақстандық балалардың өмірі мен денсаулығын бір емес бірнеше рет құтқарды, біздің дәрігерлерді оқытып, үйретті. Қазір олар үшін өте қиын жағдай. Кішкентай науқастар аурухананың жертөлесін паналап отыр. Тамақ, дәрі-дәрмек, су, дезинфекциялық құралдар, памперстер, майлықтар, матрацтар, жастықтар, киім және т. б. заттар оларға жетіспейді”, – деп жазды "Help Today” қоғамдық қорының қызметкері Эля Алиева.

Қазіргі сәтте қайырымдылық мақсатында жиналған қаражат мөлшері 9 миллион теңгеден асқан. 

Бір тәулікте қазақстандықтар 4 миллионға жуық қаражат жинаған. 

“Қаражат жинау 3 наурызға дейін жалғасады. 28.02.2022 жылы көмектің бірінші траншы 2 200 USD – 1 112 010 теңге бойынша жүргізілді.

Аударымдармен бірге әсерлі SMS-хабарламалар келіп жатыр: "Украина жасасын!", "Біздің балаларымыз соғысты көрмесін!”, "Алла шипа берсін!", "Көмек Охматдит", "Украина балаларына", “Барлығына бейбітшілік пен амандық тілеймін!", – деп жазды Эля Алиева.

Фото: facebook.com/ndslohmatdyt/

Жер астын паналаған ауру балаларды Охматдит ауруханасының алдында атып кеткен. Осы уақытта аурухана қызметкерлері мен еріктілер өз пациенттерін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

"Украинаның ең үлкен балалар ауруханасы Ресей армиясының оқ атуы мен әуе соққыларына қарамастан жұмысын жалғастыруда. Дәрігерлер өмір сүруді қамтамасыз ету аппараттарына тәуелді балалардың жанында кезекшілікте отыр", – делінген аурухананың телеграмм арнасында.

Охматдит ауруханасы желі арқылы хабар таратуын жалғастыруда. Онда күн сайын ақпараттар жаңарып отырады және науқастардың жағдайы туралы мәліметтер берілуде. Facebook-тегі парақшасында аурухана қызметкерлер мен дәрігерлер мекмеден бір минутқа сыртқа шықпайтыны жазылыпты. Ал науқас балалар жақындарын қолдап, көңіл-күйлерін көтеру үшін ән салып жатыр екен.

“Мамандар әр адамның өмірі үшін бірігіп күресуде, науқастарға жедел операциялар жасалып, барлық зардап шеккендер құтқарылу үшін қолдан келгенін жасайды.  Біз не үшін күресіп жатқанымызды білеміз. Біздің үйіміз, жеріміз, адамдарымыз және балаларымыз осында. Балаларымыздың көңіл-күйі бізді таңғалдыруда: онкологиялық, орфандық және басқа аурулармен күресіп жатқан бұл сәбилер, тіпті осындай жағдайда өздерін және туыстарын тыныштандыру үшін ән айтып жатыр", – делінген хабарламада.


Путин Украинамен келісімге келу үшін қойып отырған талаптарын айтты 


Фото: facebook.com/ndslohmatdyt/

Сондай-ақ, ауруханаға ауыр жағдайда түскен балалар да көп. Оларда жедел түрде ота жасалып жатыр.

“Бүгін жедел жәрдеммен сарбаздар оғынан жапа шеккен 7 жасар баланы өте ауыр жағдайда жеткізді. Бала есін жимаған күйде жатыр, көп қан жоғалтқан. Балаға оң жақ мойынның сынуы, жұмсақ тіндердің, бастың жарақаттануы және мидың жарақаты диагнозы қойылды. Жедел хирургия бөлімінің балалар хирург-дәрігері Олег Святославович ауыр жарақат салдарынан қан кетуді тоқтату үшін оған травматикалық аурухананың қабылдау бөлімінде хирургиялық ота жасады. Қазір бала ИВЛ аппаратында ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Оған қан құйылатын болады. Ал баланың ата-анасы қайда екендігі әлі белгісіз”, – делінген мәліметтерде. 

Соғыс жағдайына қарамастан аурухана дәрігерлері балалардың өмірін сақтауды жалғастыруда.

Мәселен, 15 жасар қызға ауруханада жілік майын трансплантациялаған. 

Фото: facebook.com/ndslohmatdyt/

“Қазір елде болып жатқан барлық қиын жағдайға қарамастан, Охматдет мамандары балаларды қорғау және емдеу үшін Киевте қалып жатыр. Кеше 15 жасар қыз Кэтидің жілік майын трансплантациялады. Науқас Волынь облысынан 4 ай бұрын жедел лимфобластикалық лейкемия диагнозымен келген”, – делінді аурухананың ресми парақшасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр