Алып астероид жерге соқтығыса жаздады
30-нан 31-не қараған түні 2017 FJ101 астероиды Жердің жанынан ұшып өтті. Екеусінің ара-қашықтығы 325 000 км болды. Ғалымдар оның аса қауіп төндіре қоймағанын айтып жатыр.
Бұл туралы L!FE басылымы хабарлайды.
Диаметрі 34 метр болатын астероид Жерден 16 км қашықтықты жарылып кетуі мүмкін еді. Аталған жарылыстың күші 700 килотонна болатыны сөзсіз. Бұл америкалықтардың Хиросимада қолданған атом бомбасынан 10 есе үлкен. Жарылыстың биіктігін ескерсек, оның Жердің беткі қабатын зақымдайтыны сөзсіз.
Мұнымен қатар, мамандар аталған астероидтың Лондон немесе Берлин сынды бір қаланы толықтай жойып жіберуі мүмкін екенін болжады. Яғни Берлинде 3,5 миллион адам қайтыс болуы да ғажап емес. Ал Лондонда 13,9 миллион тұрғынның 8,7 мыңы қаза табар еді.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодар облысында теміржолды су шайып, пойыздар жаппай кешігіп жатыр
Әшімов: Экраннан ашық көрсетілетін төсек қатынастарын заңмен шектеу керек
Талқылау