Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстандағы ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
2025 жылдың 20 қаңтарындағы есеп бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 120 ардагері мен жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат бар. Олардың арасында:
- Ленинград блокадасында болғандар – 67 адам;
- кәмелетке толмағандарға арналған концлагерь тұтқындары – 139 адам;
- Ұлы Отан соғысы кезінде жарақат, контузия, мүгедектік немесе аурудан қайтыс болған жауынгерлердің мүгедек жұбайлары – 743 адам;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (немесе хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесір әйелдері – 2 адам;
- тыл ардагерлерлі – 41 594 адам.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленетінін жазған едік.
Талқылау