Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңісхан Момышев бойдақтық өмірмен қош айтыспақ

Режиссер Жеңісхан Момышев жақын күндері бойдақтықпен қош айтыспақ. Алайда отбасын құруға ниеттеніп отырған Жеңісханның тойына қазақстандық әріптестері қатыса алмауы мүмкін.

Жеңісхан Момышев бойдақтық өмірмен қош айтыспақ

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жасы 30-дан асса да әлі күнге дейін үйленбей жүрген Жеңісханды жұрт жиі сынға алады. Қашан үйленесің? Анаңа қашан келін алып келесің? – бұл сауалдар режиссерге күнде болмаса да, күнара жолданатын көрінеді. Алайда кино саласының маманы отбасын құруға асықпаған. Себебі ол бүгін үйленіп, ертең ажырасып кетуден сақтанады.

Момышев бұған дейін басы бос әріптестері ұқсап әр шараға әртүрлі қызды ертіп келуден аулақ болды. Сондықтан сән шарасына сүйіктісімен қол ұстасып келген Жеңісханды көрген жұрт жақын күндері той болады деп болжады.

Жеңісхан Момышев бойдақтық өмірмен қош айтыспақ

“Иә, ақырындап тойға дайындалып жатырмыз. Таңдаған адамым – біздің саланың адамы емес. Мамандығы мүлдем басқа. Жалпы жанұяда солай болғаны дұрыс деп ойлаймын”, – дейді Жеңісхан.

Айтпақшы көптен күткен дүбірлі тойға Момышевтің Қазақстандағы әріптестері ортақтаса алмауы мүмкін. Себебі жиі шетелде жүретін режиссер үйлену тойын да өзге мемлекетте атап өтпекші.

Тағы оқыңыз: 

Мөлдір Әуелбекова өзіне көшірме әнін сатқан сазгерді қалай жазаламақ

Ерке Есмахан: Далаға шықсам да, енді кино әлемінен кете алмаймын

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Оққағарларың халықты итермесін: Тыңдарманы Қанат Үмбетовке өз орныңды біл деп ұрысып тастады

Талқылау