Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оққағарларың халықты итермесін: Тыңдарманы Қанат Үмбетовке өз орныңды біл деп ұрысып тастады

Қанат Үмбетовтің концертіне келген тыңдарманы орнынан тұрып әншіге ренішін айтты.

Концерт барысында сөз алған ер адам әншіге өкпесін айтты. Бұл сәтті көрермендер видеоға түсіріп, желіге жариялады.

“Біз қазақтың әнін тыңдауға келдік. Оны дискотекаға айналдырмаңдар. Қасыңдағы оққағарларың халықты итеріп, жақындатпай жатыр. Халықты итермесін. Сен өз орныңды біл. Біз сені, сахнаны сыйлап келдік.Сыйлағанды сыйлау керек. Артық кетсем кешіріңдер. Бәріңді мерекелеріңмен құттықтаймын”, – деді ер азамат.

Тыңдармандар арасында ер азаматты қолдағандар да, қарсы болғандар да бар. Бірі қошемет білдіріп, қолдау танытса, енді бірі “артық кеттіңіз” деп дауыстады.

“Қарияларға өздері сүйсініп демалатын рахаттанатын концетке бару керек”, “Қанат еш оғаш қылық көрсеткен жоқ”, “Кешірім сұрағаннан басқа ешқандай артық ешнәрсе істеген жоқ”, “Қазіргі концерттер жиналыс секілді болып кетті” дейді желі қолданушылары.

Әнші қарияның сөзінен кейін халық алдында кешірім сұрады.

Тағы да оқыңыз:

Тележурналист “Әміре” фильміне қатысты: 15-25 жастағы ақылы аз жанкүйерлер үшін кино түсіргенді қою керек қой

Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Талқылау