Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жеңіске жететініңе сену керек”: Астаналық азамат автокөлік ұтып алды

Лотерея ұту көп адамның арманы, алайда шынайы өмірде тек санаулылар ғана сәттілікке сеніп, жеңіске жетеді. Арманының соңынан еріп, орындалатынына күмәнсіз сенген азаматтың бірі – астаналық Нұрсұлтан. Әдеттегідей сауда орталығынан "Сәтті Жұлдыз" лотерея билеттерін сатып алған ол арада біршама уақыт өткен соң Haval H6 автокөлігін ұтып, табысқа кенелгенін білген. Нұрсұлтанның өзімен тілдесіп, жеңіске жетудегі сырын сұрадық.

Нұрсұлтан жергілікті IT компанияда сату менеджері. Бос уақытында жаттығу жасап, шынығады. Астаналық азамат – сәттілігін сынайтындардың қатарынан. Ол лотерея билеттерін жиі сатып алып, бір күні жолы болатынына шартсыз сенген. 

“Лотерея билеттерін сатып алып жүргеніме бір жылдай болды. Алғаш рет сауда орталығында лезді лотерея билетін алдым. Бастапқыда бір-екі билет алып көрдім. Ал көктемнен бастап сәттілігіме сеніп, жиі ала бастадым.  Айына 8-10 мың теңгеге билет сатып алатынмын”, – дейді ол.

Сөзінше, автокөлік ұтысына 30-40 билет сатып алған. 

“Неғұрылым көп алсам, соғұрлым ұтуға мүмкіндігім көбейеді деп ойладым”, – дейді Нұрсұлтан.

Ал автокөлік ұтып алғанын айтып компаниядан хабарласқанда әріптесі өзін алдап қалжыңдаған болар деп ойлапты. Біршама уақыт ұтыс ойнында жеңімпаз атанғанына сенбеген.

“Теледидар көріп отырғанда Ұлттық лотерея өкілі хабарласты. Алматыда жүргенмін. Бастапқыда сенбедім. Кеңсеге келіп, сөйлеспейінше кумәнім сейілмеді.

Тіпті бастапқыда әріптесім қалжыңдап жатқан шығар деп ойладым. Әріптесіме қарасам, ол үндемейді. Сонда мұның бәрі шындық екенін біліп, тағдырдың үлкен сыйына баладым. Қатты қуандым”, –  дейді ол өз сөзінде.

Нұрсұлтан көліктің орнына ұтысты қаржылай алуды жөн көрген. 

“Несиемді, қарызымды төлеп, жағдайымды ретке келтірсем деймін. Әзірге жақындарыма бұл жақсы хабар туралы айтпадым. Ұтысымды алған соң бір-ақ қуантып айтсам деймін.

Осыған дейін ұтысқа қатысты күмән келтіргендер болды. Бірде әріптесім сауда орталығында мені көріп қалып, “неге билет алып жүрсің, ұтамын деп ойлайсың ба, ұту мүмкіндігі өте аз” деді.  Осы ақшаны басқа жаққа жұмсағанша, сәттілікке кенелуге жұмсаймын дедім”, – дейді ол.

Егер адам жолы болатынына, жеңіске жететініне сенсе, ертелі-кеш бәрі ойдағыдай болады дейді Нұрсұлтан.

“Ең бастысы, қалауыңды визуализациялау және оған қолжеткізетініңе күмәнсіз сену. Ұтыс ойындарына қатысушыларға жалақының белгілі бір пайызына жиі билет алып тұрсаңыз, түптің түбінде жеңіске жетесіз дегім келеді. Айтқым келетін маңызды нәрсе, ұтысты тиімділікпен, ақылмен қолдану керек. Көп адамның қателігі, бір айдың ішінде ұтқан ақшасын жоқ қылады. Сондықтан қаржыны ақылмен жұмсау маңызды”, – дейді ол.

10 қыркүйек күні сағат 9:00-де 31 арнаның тікелей эфирінде кезекті ұтыс ойнатылады. Әрбір Лото жинақ 5 TeleBingo билетінен тұрады және пәтер ұтысына қосылады.