"Жеңісімді қазақ деген еліме арнаймын": Әлем чемпионатында алтын алған Бекзат Нұрдәулетов
2019 жылғы әлем біріншілігінде қазақ еліне алтын сыйлаған боксшы Бекзат Нұрдәулетов финалдық жекпе-жектен кейін жеңісін кімге арнайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бапкерлер тапсырмасын толықтай орындадым. Соның арқасында жеңіске жеттім. Елдің үмітін ақтап, әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жеңісімді қазақ деген еліме арнаймын», - деді Бекзат Нұрдәулетов.
Естеріңізге сала кетсек, отандасымыздың өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовты жеңіп, алтын алғаны туралы хабарлаған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"