Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Жеңіс Ысқақова ұлан-асыр той жасап, тұңғышын үйлендірді. Ақ түйенің қарны жарылған күнге аянбай бар жиғанын төкті, деп хабарлайды Stan.kz.

IMG_2607.JPG

Бұған дейін Жеңіс Ысқықованың келін түсіргенін жазған болатынбыз.

Өнер тарландарының басын қосқан дүркіреген тойдың басты кейіпкерлері Айбатыр мен Карина. Карина Екібастұздың тумасы.

IMG_2566.JPG

Қайынәпкесі Гүлнәр Ысқақованың айтуынша, жастардың маxаббаты бала кезден басталған. Жеңіс те, әпкесі Гүлнар да келіндерін елгезек, ақкөңіл, дәрігерлер отбасынан шыққан текті, тәрбиелі қыз деп мақтап отыр.

IMG_2554.JPG

Тойда қалыңдықтың да, Жеңіс xанымның да тойдағы киім үлгісі мен макияжына Кенжебек мырза жауапты болды. Жеңіспен он жылдан астам уақыт доспыз деп мақтанған ол тіпті тойдың төрінде қонақпын деп отырған жоқ, келіншекті әрлеп әлек болды.
IMG_2598.JPG
Сөз арасында Жеңістің үстіндегі мына алтын түсті көйлектің құны 2-3 мың доллар болса, қалыңдықтың көйлегі 5000-нан әлдеқайда асатынын айтып қалды.
Кенжебек мырза “Досының тойында шашылмағанда қайда шашыламын” деп ақ конвертке 1-2 мың АҚШ долларын сала келгенін де айтты.
IMG_2575.JPG
Той төрінде бұдан басқа Досxан Жолжақсынов пен жұбайы Қарагөз Сүлейменова, Гүлнұр Оразымбетова мен күйеуі Серікбай Нұрғисаев, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жанар Айжанова, Құдайберген Бекіш те төбе көрсетті.
IMG_2556.JPG
IMG_2533.JPG
Талқылау