Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Келіндерімнің барлығы қолымда тұратын болады

Жеңіс Ысқақова биыл күзде дүркіретіп той жасамақ. Әнші тойға деген әзірлігін бір жыл бұрын бастап кеткен екен. Десе де, ол тойын қандай да бір талапқа сай өтізбейтіндігін айтып жатыр.

14374510_1773010012982439_1074456169_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Дресс-код сынды дүниелермен ауырмаймын. Менің қонақтарым емін-еркін келіп, құтты болсын айтып, сол тойда демалып, әріптестер бір-бірімен шүйіркелесіп отырса екен деймін. Ән айтқысы келгендер айтар, келмегендер отырып демалады”, – дейді әнші.

Ысқақова ханым ұлының таңдауын мақұл көріп, ақ батасын берген екен. Оның үстіне тойдан кейін жастар бөлек отау құрмайтын-ды. Жаңа келіннің әнші енесімен бірге тұратындығы басынан келісілген екен.

“Басында қобалжыдық, артынша барлығы керемет өтті. Менің құда-құдағиларым менен өткен ақкөңіл екен. Солтүстіктің тумалары болғанымен, осы Алматыда тұрады. Алла бұйырса, өздерімен тойда танысатын боласыздар. Келінім міндетті түрде қолымда тұрады. Екінші балам үйленгеннен кейін де менімен бірге болады.

Абысындар бірге отырса, отбасында татулық болады. Қымбатты менің замандастарым, келіндеріңізді жоқ дегенде 3 жыл қолдарыңызда ұстаңыздар. Ол сіздің иісіңіз бен дәстүріңізге үйренуі тиіс. Содан кейін ғана келін-баланы бөлек шығаруға болады… Мен жақсы ене боламын. Карина екеуіміз әзірдің өзінде құрбылардай сырласамыз. Лайым солай болса екен. Бізді сырттай кей адам сөгуі мүмкін. Біз сыйласа отырып өз міндеттерімізді атқаратын боламыз. Ал менің болашақ келінім Карина өте тәрбиелі, тәртіпті қыз”, – дейді  Жеңіс Ысқақова.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әншілер бала күнгі лақап аттары туралы айтып берді

Тамара Асар: Әйелдің жүктілігі – сенсация жасайтын жаңалық емес

Жұлдыз Өмірғали: Вокалымды жөндесем, KeshYou-ге қайтадан алатын шығар

Қайрат Нұртастың жаңа фильмі “Келін” деп аталмақ

Талқылау