Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова келін түсірді (фото, видео)

Жұлдызды енелердің тізімін Жеңіс Ысқақова толықтырды. Иә, әншінің ұлы Айбатыр ақ құсын қолына қондырып, бүгін Карина есімді келіннің бетін ашты. Айта кетейік екі жастың көңіл жарастырып жүргеніне биыл 6 жылдан астам уақыт болыпты. Жеңіс ханымның ұлы Чехия мемлекетінің Прага қаласында білім алған. Ал, келіні Алматының аруы. Беташар рәсіміне қатысып қайтқан Stan.kz тілшісі эксклюзивті материалды  назарларыңызға ұсынады.

жжженннн

Иә, дәл қазіргі таңда Жеңіс ханым толқып жүр. Өйткені, өнер иесі алғаш рет ене атанып отыр. Ал, ер мінезді, сұңғақ бойлы әншінің жас келінге қояр талаптары қандай?!

«Мен қандай ана болсам, сондай ене боламын. Барлық жерде айтып жүремін, мен қанша ашық жарқын болсам да, ашуланған кезде балаларымды да қысып алатынмын. Келінге де дәл солай қараймын. Енді өзім ер мінезді адам болғандықтан, мына әйел затымен қалай болады екен деп өзім де уайымдап жүрмін» – дейді Жеңіс ханым.

zhenissss-620x465

Әншінің қуанышына ортақтасып өнердегі әріптестері де арнайы келген. Беташар рәсімінде бой көрсеткен танымалдардың қатарында Ғани Құлжановты көзіміз шалып қалды.

zhe-620x465

«Жеңіс өзінің кішіпейілділігін, өзінің адамгершілігін былайша айтқанда бойындағы жақсы қасиеттердің барлығын келінінің бойына сіңіреді деп ойлаймын. Әрине, әр адам өзінің келінін жақсы болсын деп армандайды. Ер мінезді Жеңістің жақсы ене атанатынана сенімім мол» – деп жылы лебізін білдірген актер.

zhenenene-620x465

Бұл күні Өмірқұл Айниязовтың көңіл-күйі керемет. Өйткені, өнер иесіне келіннің бетін ашу мәртебесі бұйырған. Бозбала шағынан бастап қара домбыраны жанына серік еткен сері бұл жолы тың ақпаратпен бөлісті.

zhennnis-620x465

«15-16 жасымнан бастап келіндердің бетін ашып келемін. Бүгін Жеңіс ханымның келіні 852-ші болып отыр. Беташардың қызыға да сол белгілі бір қаламы қойылмайды. Берген ақшаны аламыз. Әркімнің жағдай әр түрлі ғой. Кейде байлардың тойында қалтамыз қалыңдап қалады. Жеңіс Ысқақова да жерге қарап қалған адам емес. Бүгінгі беташарда да жақсы табыс тапқан сияқтымын» – дейді беташардан қанжығасы майланып қайтқан Өмірқұл Айниязов.

Иә, тұңғышының қуанышында Жеңіс Ысқақова еш нәрседен аянып қалмақ емес. Әншінің сөзіне сенсек, дүбірлі той 17-ші қыркүйек күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтеді. Ал, бұл күні 350-ден астам адам қонақ ретінде шақырылыпты.

zh-620x465

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

 

Талқылау