Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова Димаштың Қазақстанда қалуына қарсы шықты

Singer жобасы аяқталғалы бері қазақстандықтардың көкейінде бір сұрақ тұр. Димаш енді Қытайда қала ма әлде Қазақстанға орала ма? Бұл сауалға әркім әртүрлі жауап беруде. Ал өнердегі әріптестері Димаштың шетелде қалуын тілеп отыр.

Dimashi_140217

Нақтырақ айтсақ, отандық продюсер Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді. Енді оның бұл пікірін әнші Жеңіс Ысқақова да қоштап отыр.

«Қазақстанда жүрмей-ақ қойсын! Қазақстанда жүретіндер жетеді. Сыртқа шықсын, мен тек қана сыртта жүргенін қалаймын. Мені біреу жек көруі мүмкін. Бірақ, мен Димаштың тек қазақты танытып, сыртта жүргенін қалаймын. Бізге ол «жұлдыз» болып келіп тұрсын тек қана!» – деді Ысқақова НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында.

Бұл ретте Димаштың өнердегі ағалары не дер екен?

«Жақсы нәрсенің бәрі тек шет елде екен деп ойлай беру — қателік. Сен өз мүмкіндігіңді, өзіңнің еліңнің ішіндегі бар мүмкіндігіңді меңгеріп алу керек», – дейді Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов.

Ал КСРО Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Димаштың елде қалатынына күмән келтірмейді.

«Ол бүкіл шет елге, шақырған жерлерге барып, қазақтың өнерін көрсетіп тұрса, онда тұрған не бар. Бірақ Қазақстанның баласы, өзінің туған жерінде болатынына менің ешқандай күмәнім жоқ», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Ақан Сатаевпен кездесіп, киносына жоғары баға берді (видео)

Дидар Кәден: Әйелімнің әдемі болып жүргені маған жақсы (фото)

Жүкті кезінде ішін жалаңаштаған Айнұр Ілиясова сынға қалды (фото)

Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында шешініп тастады (видео)

Талқылау